АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстанның төтенше жағдай қызметкерлері екі елдің шекарасында шыққан өртпен күресіп жатыр.
Өрт 5 тамызда басталған, бүгін, міне, үшінші тәулікке ұласты. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақыртас ауылдық округіндегі тау бөктерінде қураған шөп өртенген. Бұл аумақ Қырғыз Республикасындағы Талас облысымен шектеседі. Өрт аумағы 200 гектарға жетті.
Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметтері, Т. Рысқұлов атындағы және Жамбыл ауданының орман шаруашлықтары, жергілікті атқару органдарының ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылған. Барлығы – 84 адам мен 10 техника. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.