Спорт

"Канело" Головкиннің соққысына он балдық шкала бойынша баға берді

Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкиннің қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте өтеді
Sputnik

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің алғашқы жекпе-жектегі соққысына баға берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин мен "Канело" түсіру алаңында төбелесіп қала жаздады – видео

"Бір дегенде соққының астына алатын боксшы екенін білетінмін. Құлақ шекеден қойып қалғанда, бәлкім біреулерді солай нокаутқа түсірген шығар, бірақ өз басым ештеңе сезбедім. Бұл өзіме деген сенімділігімді арттыра түсті. Соққысы айтарлықтай күшті, бірақ соншалықты таңғалатындай ештеңесі жоқ. Он балдық шкала бойынша бағаласақ, шамамен 10-нан 8 немесе 10-нан 9 ұпай берер едім. Мықты боксшы", — деп мойындады Альварес.

"Канело" мен -дің бірінші жекпе-жегі 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өткен еді. Қарымта кездесу дәл сол шаршы алаңда 15 қыркүйекте болмақ.

Тағы оқыңыз: