Қоғам

Фейсбук бойдақтар мен ажырасқандарға арналған жаңа сервисті іске қоспақ

Желі қолданушыларына танысу сервисін жасырын қолдану мүмкіндігі ұсынылады
Sputnik

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Facebook қызметкерлері Dating жаңа танысу сервисін сынақтан өткізуге кірісті. 

Джейн Вонг есімді маман Твиттердегі парақшасында жаңа сервистің скриншоттарын жариялаған. 

Қазақ әншісінің тақырбас қалыңдығы желіні шулатты (видео)

Жаңа сервисті зерделей келе, мынадай қорытындыға келуге болады: гендерді таңдау кезінде қолданушыларға тек екі жыныс – "ер" немесе "әйел" ғана емес, сондай-ақ "бинарлы емес гендер", "трансгендер ер адам" және "трансгендер әйел" түрлері ұсынылады. Бұл мәліметтерді бөгде адамдардан жасыруға болады. 

Бұған қоса, танысу сервисін жасырын қолдану мүмкіндігі де қарастырылған, яғни достарыңыз сіздің желі арқылы біреумен танысып, сөйлесіп жүргеніңізді білмейді, деп жазады ridus.ru. 

Бір ерекшелігі, жаңа сервис фейсбуктегі парақшасында "бойдақ" немесе "ажырасқан" деп көрсетілген қолданушыларға ғана қолжетімді.