АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Краснояр өңірінде құлаған Ми-8 тікұшағы апатының куәгерлері оқиға орнын видеоға түсірді.
Видеодан тікұшақтың жанып жатқанын көруге болады.
"ЮТэйр-Тікұшақ қызметтері" әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы жергілікті уақытпен сағат он шамасында құлады.
Бортта 18 адам отырған – 15 вахташы-жолаушы мен экипаждың үш мүшесі. Олардың барлығы қаза тапты, деп жазады РИА Новости.
Тағы оқыңыз: Ми-8 тікұшағы апатының бастапқы себептері қандай
Әуе апаты Игарка елді мекенінен солтүстікке қарай, "Ванкор" №1 мұнай құю станциясы алаңының маңында болды. Тікұшақтың құлауына ұшқыштардың бейқамдығы себеп болуы мүмкін, олар екінші тікұшақтың жүгін байқаусызда қағып кетсе керек.
Тағы оқыңыз: Назарбаев Путинге көңіл айтты