Оқиға

Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, 18 адам қаза тапқан

Тікұшақтың апатына техникалық ақау немесе басқару кезіндегі ағаттық себеп болуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Ресейдің Краснояр өңірінде 18 адам мінген Ми-8 тікұшағы құлады, адамдардың бәрі қаза тапты.

Қырғызстандағы тікұшақ апаты: Қазақстан альпинистерді қалай құтқарды?

РИА Новости хабарлағандай, тікұшақ бортында "Анкор" компаниясының қызметкерлері мен үш экипаж мүшесі болған.

Бастапқы деректерге сүйенсек, тікұшақтың апатқа ұшырауына техникалық ақау немесе басқару кезіндегі ағаттық себеп болуы мүмкін. 

Соңғы мәліметтер бойынша, небәрі екі километр ұшып, жерге құлаған. Құлаған соң күл-талқаны шығып, түгі қалмай жанып кетті.

Тағы оқыңыз: Тікұшақ апаты орнында түсірілген видео жарияланды