АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Краснояр өлкесінде Ми-8 жолаушылар тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", – делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, Ресейдің Краснояр өңірінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты. Тікқшақтың құлауына ұшқыштардың бейқамдығы себеп болуы мүмкін, олар екінші тікұшақтың жүгін байқаусызда қағып кетсе керек.
"Utair компаниясының Ми-8 тікұшағы Ванкор — Харкасале бағдарымен ұшып бара жатқан. Ұшқан кезде екінші Ми-8 тікұшағына арқанмен байланып, ілініп тұрған жүкті қағып кеткен", — деп мәлімет берді өңірдің жедел қызметтер өкілі.