АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Краснояр өңірінде МИ-8 тікұшағының құлауына ұшқыштардың бейқамдығы себеп болуы мүмкін, олар екінші тікұшақтың жүгін байқаусызда қағып кетсе керек, деп хабарлайды РИА Новости.
"Utair компаниясының Ми-8 тікұшағы Ванкор — Харкасале бағдарымен ұшып бара жатқан. Ұшқан кезде екінші Ми-8 тікұшағына арқанмен байланып, ілініп тұрған жүкті қағып кеткен", — деп мәлімет берді өңірдің жедел қызметтер өкілі.
"Роснефти" өкілінің сөзіне жүгінсек, құлаған тікұшақтың бортында "РН-Ванкор" мұнай ауыстырып құюшы станция мен мердіргер ұйымдардың қызметкерлері болған.
Жедел құтқару бөлімдерінің қызметкерлері хабарлағандай, қайғылы оқиғаға шамамен таңғы 10 кезінде Ванкор мұнай кен орнына жақын жерде болды. Тікұшақтың құлауы салдарынан борттағы 18 адам түгел қаза тапты.
Аталған дерек бойынша Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.
Ал екінші ұшақ керісінше қонғалы жатыпты. Экипаж зардап шекпеген, деп хабарлажы "Росавиация".
Тағы оқыңыз: Ақмола облысында тікұшақ жерге қатты қонды