Әлем

Германия халқы Ангела Меркельді "жоғалтып алды"

Канцлердің жұбайы Иоахим Зауэр демалысқа жалғыз аттанған
Sputnik

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Еуропалық БАҚ Германия канцлері Ангела Меркельдің қайда кеткенін біле алмай, шулап жатыр. 

Әдетте жылдың осы мерзімінде Германия канцлері жұбайымен бірге демалысқа аттанады. Алайда осы жолы Ангела Меркельдің күйеуі Иоахим Зауэр  жалғыз демалып жатыр, деп жазады gazeta.ru.

Меркель төртінші рет Германия канцлері болып сайланды

Бұл жайтқа алғашқы болып Bild таблоиды назар аударған, сайтта "Меркель қайда тығылып жүр?" деген мақала жарияланды. 

Еуропалық журналистер ерлі-зайыпты арасында "отбасылық дағдарыс" болуы мүмкін немесе канцлер "құпия миссиямен" айналысып жатқан шығар деп те топшылады. 

Британиялық The Telegraph "Меркель ханым қайда екенін және бос уақытын кіммен өткізіп жатқанын ешкім білмейді" деп жазды. Басылымның хабарлауынша, үкімет өкілдері канцлердің жеке өмірі жайлы ақпарат беруден бас тартып отыр. 

Reuters агенттігі де Германия канцлерін "жоғалтып алды". Басылым соңғы рет Меркель мен оның күйеуі 25 шілде күні Баварияда Ричард Вагнердің фестивалінде көрінгенін атап өтті. 20 жыл бірге тұратын ерлі-зайыпты классикалық музыка концерттерін жақсы көреді. Зауэрдың мамандығы – профессор-химик, көпшілік алдына сирек шығады. 

Шетелдік БАҚ Меркель төңірегіндегі шу 20 тамызда басылады деген үмітте. Бұл күні канцлер Христиан-демократиялық партияясының басшылығымен кездесуі тиіс екен.