Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 тамыз

Бұл – Григориан күнтізбесі бойынша 217-ші күн. Жылдың соңына дейін 148 күн қалды.
Sputnik

5 тамызда қандай қызықты оқиға болды 

Барлық қала тұрғыны жолдар мен көше қиылыстарының маңызды нысаны – бағдаршамға әбден үйреніп кеткен, алайда әлемде Бағдаршам күні тойланатынын білетін жан кем де кем шығар. 1914 жылдың 5 тамызы көлік қозғалысын реттейтін құралдың ресми туған күні болып саналады. Осы күні алғашқы бағдаршам Кливленд көшелерінде орнатылған. Онда қызыл және жасыл түсті екі шам бірінен соң бірі жанып тұратын, ал ауыстыру кезінде кейбір қала тұрғындарын абдыратып қоятын ұзақ сигнал таратылды. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Нью-Йорк пен Детройтта үш түсті бағдаршамдар қойылды, олар тек Америка қалаларына ғана емес, бүкіл әлемге тез тарала бастады. КСРО-да алғашқы бағдаршам Ленинградта 1930 жылдың басында орнатылды, ал сол жылдың желтоқсан айында мәскеуліктер де бұл құрылғының қызметін тұрақты қолдана бастады.

Америкалықтар азық-түлік өнімдеріне арнайы күн арнап, атап өтуге құмар келеді. Бұл күн де олардың назарынан тыс қалмапты. 5 тамызда АҚШ-та устрица күні тойланады. Сіз устрицаның 100-ден астам түрі бар екенін білесіз бе? Егер сізге шағын мерекеге немесе устрицаның алғаш рет дәмін татуға себеп қажет болса, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Устрица әлеміне сәтті ену үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз. Кем дегенде бір устрицаны қандай да бір гарнирсіз жеңіз. Бұл устрицаның дәмі мен құрылымынан ләззат алудың ең жақсы тәсілі. Бірнеше рет шайнау әр устрицаның табиғи және ерекше дәмін сезінуге мүмкіндік береді.

Хорватияда Жеңіс және Отанға тағзым ету күні аталып өтеді. Ол 1991 жылдан 1995 жылға дейін созылған Тәуелсіздік үшін соғыстағы жеңісті еске алуға арналған. Югославия күйрегеннен кейін Хорватияда сербтердің өзі жариялаған мемлекеті – Серб Краинасы Республикасы (СКР) құрылды. Бұл хорваттар мен краина сербтері арасындағы соғысқа әкелді. 1995 жылдың тамызында Хорватия армиясы мен Босния және Герцеговина армиясының бесінші корпусы бірлесіп, "Дауыл" әскери операциясын өткізді. Операция кезінде хорват әскері СКР астанасы Книн қаласын алды. Бұл 5 тамыз болатын. Нәтижесінде СКР таратылып, Хорватияның аумақтық тұтастығы қалпына келтірілді. Мерекеге арналған жыл сайынғы салтанатты шаралардың орталығы – Загреб емес (Хорватия астанасы), Книн қаласы. Бірте-бірте мереке кезінде 90-шы жылдардағы азаматтық соғыста қаза болған адамдардың бәрі еске алына бастады. Осыған байланысты 2008 жылы Сабордың (Хорватия парламенті) шешімімен мерекенің атауы кеңейтілді. Қазір ол Жеңіс және Отанға тағзым ету күні және Хорватия қорғаушылар күні деп аталады.

5 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1891 жылы American Express фирмасының жол чегі алғаш рет шығарылды;

2001 жылы Америкалық саяхатшы Стив Фоссетт алтыншы рет әуе шарымен жер шарын айналып шығу саяхатына аттанды;

1966 жылы The Beatles британдық рок-тобы  Revolver альбомын шығарды;

1941 жылы Одесса қаласы фашистік басқыншылардан ерлікпен қорғалды;

1884 жылы Нью-Йорктегі Бедлоу аралында Бостандық мүсінінің тұғырына алғашқы тас қойылды;

1924 жылы Түркияда көп әйел алуға тыйым салынды;

1964 жылы Вьетнам соғысы: АҚШ ұшақтары Солтүстік Вьетнамды алғаш рет бомбалады;

1999 жылы Франция құрамасы кибер машиналар арасындағы футболдан алғашқы чемпионы болды. 

5 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2011 жылы Қазақстан соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті 7 жылға бас бостандығынан айыру және бар мүлкін тәркілеу жазасына кесті;

1718 жылы Семей бекінісінің (Семей қаласы) негізі қаланды. Бекініс қарағай орманының арасында Ертіс жағалауында орналасқан. Қазіргі уақытта бұл жер "Ескі бекініс" деп аталады;

2007 жылы Алматыда қазақ тіліндегі әлемдік ертегілерді қамтыған алғашқы CD-дің тұсаукесері өтті. Барлық материал Қазақ радиосы тапсырылды.

5 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1844 жылы әйгілі орыс суретшісі Илья Репин дүниеге келді;

1905  жылы кеңес авиақұрастырушысы Артем Микоян дүниеге келді;

1906 жылы америкалық актер, сценарист және продюсер Джон Хьюстон дүниеге келді;

1850 жылы француз жазушысы  Ги де Мопассан дүниеге келді;

1930 жылы NASA астронавты, сынақшы ұшқыш, ғарыш инженері, университет профессоры, АҚШ әскери ұшқышы, айға аяқ басқан алғашқы адам (1969 жылдың 20 шілдесі) Нил Армстронг дүниеге келді;

1968 жылы ресейлік тележүргізуші, журналист, әнші, композитор Юлианна Шахова дүниеге келді.

5 тамызда Қазақстанда кім туды

1961 жылы киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген актеры, Қазақстанның халық әртісі, КСРО кинематографистер одағының мүшесі (1989) Жанат Байжанбаев дүниеге келді;  

1922 жылы екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов дүниеге келді;

1924 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Сәйдәлім Тәнекеев дүниеге келді;

1941 жылы белгілі қазақстандық қоғам қайраткері, "Тілеп" қайырымдылық қорының президенті Сапар Ысқақов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде болады. Бұл күні сізді жаңа кездесулер мен таныстық күтіп тұр. Көңіліңіз көтеріңкі болады, сізді ерекше және көңілді адамдар қоршап жүреді, олар сізге уақытыңызды қызықты өткізуге және жақсы кеңестер беруге көмектеседі. Үйде аз уақыт өткізуге тырысыңыз.