Қоғам

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК 4-6 тамыз аралындағы ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Синоптиктер қай өңірлерде күн салқындайтынын айтты

Демалыс күндері республиканың басым аумағында күн ыстық болады, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, солтүстікте екпінді жел соғады. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы – 25-30, оңтүстік пен батыста – 33-38 градус. 

Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батыс облыстарында күн жылынып,  5 тамыздан бастап сынап бағанасы 25-32 градусқа дейін көтеріледі.