АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Екатеринбург тұрғыны қайтыс болған жұбайын жерлеудің орнына, оның денесін бірнеше ай бойы пәтерінде сақтаған. Ерлі-зайыптылардың көршілері әйел күйеуі үшін зейнетақы алып отырған деп топшылайды.
Ер адамның қайтыс болғанына бірнеше ай болған, өйткені пәтерден ұзақ уақыт бойы жағымсыз иіс шығып тұрыпты, деп жазады "ВКонтактедегі" Bad News тобы ІІД қалалық басқармасына сілтеме жасап. Мумияға айналған мәйіт Куйбышев көшесіндегі үйдің ауласынан табылған.
Аудан тұрғындары хабарлағандай, егде жастағы әйел күйеуінің денесін халатқа орап, көшеге шығарған. Көршілердің айтуынша, ол мәйітті қоқысқа тастамақ болған, бірақ жеткізе алмапты.
Отбасының таныстары ерлі-зайыптының ішімдікті жиі ішкенін, ал әйел кейде қайыр тілегенін айтты. Қала тұрғыны күйеуінің зейнетақысын алып тұру үшін оның өлгенін хабарламаған, деп санайды көршілері.
Екатеринбург бойынша ІІМБ РИА Новости порталына ер адамның мумияға айналған мәйіті табылғанын растап, оның өлген уақыты мен себебін сарапшылар анықтайтынын мәлімдеді.