АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Ресейдің Тергеу комитеті үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген кезде подъездегі бақылау камерасына түсірілген видеоны жариялады. Ролик ведомствоның "Твиттер" парақшасында пайда болған, деп хабарлайды life.ru.
"Мәскеулік тергеушілер бақылау камераларындағы видеоны зерттеп жатыр", — делінген хабарламада.
Кадрларда анық көрінгендей, қыздардың бірі пәтерден шығып, екі қолымен бетін жауып, есік алдында әрлі-берлі жүреді. Содан кейін пәтерге қайта кіріп кеткен.
Айта кетсек, 27 шілде күні Мәскеуде 17, 18 және 19 жастағы үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген. Олар әкесі ұйықтап жатқанда шабуыл жасап, 36 рет пышақ салған көрінеді. Қыздар жантүршігерлік қылмысқа әкесінің өздеріне жасаған айуандығының кесірінен барғанын түсіндіреді. Қазір де апалы-сіңлілер екі айға қамауға алынған.
Ақсақал немерелерінің көзінше ұлын пышақтап өлтірді
Қалыңдық болашақ жарын бұрынғы қызын тойға шақырғаны үшін өлтірді