АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Жас британдық жігіт Испания аралдарының бірінде демалыста жүргенде, қонақ үй балконында үлкен дәретке отырмақ болып құлап кетті. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Mirror.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, жігіттің жасы шамамен 20-да. Ол алтыншы қабаттағы балконнан жерге баспен түсіпті.
Құлағанға дейін жас жігіт шалбарын шешіп, балконның шетіне жақындап, үлкен дәретке отырмақ болған көрінеді.
Полиция Британ азаматының биіктен құлап кеткенін растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.