АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Сауль "Канело" Альварес жекпе-жекке бір апта қалғанға дейін Геннадий Головкинмен бірлескен медиа-ісшаралар өткізгісі келмейтінін мәлімдеген еді, соған қарамастан боксшылар шілденің ортасында екінші жекпе-жектің промо-ролигін түсіру алаңында кездесті, деп хабарлады Sports.kz.
TMZ.com мәліметінше, кездесу кезінде қос боксшы да қарсыласын жек көретінін байқатқан, тіпті түсіру алаңында бір-біріне тіл тигізген.
Түсіру процесінің кадрларынан GGG мен "Канело" қойылымдағы соққыларды іс жүзінде жасауға дайын екенін көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.