Әлем

Екі жатыры бар әйел егіздерді дүниеге әкелді - видео

Мұндай құбылыс 500 миллион жағдайдың бірінде ғана кездеседі
Sputnik

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Ұлыбританияда екі жатыры бар әйел егіз сәбилерді дүниеге келді, екі нәресте екі жатырда дамып жетілген.  

Дәрігерлердің айтуынша, екі жатыры бар әйелдер жүкті болғанда, бір жатырында ғана бала көтереді. Сол сияқты 31 жастағы Дженнифер Эшвуд әуелі Милли есімді қызын дүниеге әкелген. Ол кезде екі жатыры бар екенінен мүлдем бейхабар болған, деп жазады Mirror.

Тағы оқыңыз: Басында екі беті бар бала дүниеге келді — видео

Былтыр желтоқсанда ерлі-зайыптылар егіздердің ата-анасы болатынын біледі. Ал ақпан айында дәрігерлер екі сәбидің екі жатырда дамып, жетіліп келе жатқанын анықтаған.

Мұндай құбылыс 500 миллион жағдайда бір-ақ рет кездесуі мүмкін екен.

Сөйтіп, Дженнифер Эшвуд жүктілігінң 34-ші аптасында Пиран есімді ұлы мен Поппи есімді қызын кесар тілігі арқылы өмірге әкелді.

"Қазір үйіміз азан-қазан болып жатыр. Ұйқымыз дұрыс қанбайды. Бірақ ол бір емес, екі бала болғанына байланысты емес шығар. Есесіне қызық-қуанышымыз екі есе көп!", — дейді егіздердің анасы.

Тағы оқыңыз: Салмағы 8 келі сәби өмірге келді