АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Астана полициясы салынып жатқан коттеджің құлауына байланысты сотқа дейінгі тергеу барысында анықталған жайттар туралы мәлімдеді.
Оқиға сәрсенбі 1 тамызда кешкі сағат 8 кезінде Балқантау көшесінде болған. Коттеджің монолит қабырғасы құрылысшылардың үстіне құлап кетіпті. 1970, 1983 және 2000 жылдары туған үш адам үйінді астында қалып қойған. Әртүрлі жарақат алған олар ауруханаға жеткізілді.
Тағы оқыңыз: Үйінді астында қалған экскаватор жүргізушісі қайтыс болды
"Құрылыс нысанының иесі кім екені анықталды, бірақ ол ешқандай құқық белгілеуші немесе рұқсат құжаттарын көрсеткен жоқ. Сонымен бірге, полицейлер анықтағандай, нысан иесі зардап шеккен жұмысшылармен еңбек шартын жасаспаған екен", — деп хабарлады Астананың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Еңбек шартын қалай жасау керек?
Төтенше оқиға дерегі бойынша ҚР ҚК 156-бабына (еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеулер жүріп жатыр.
Зардап шеккен құрылысшылар – Қазақстан азаматтары.