Видео

Сайрагүл Сауытбайдың соттағы соңғы сөзі

Бүгін Алматы облысының Панфилов аудандық сотында Қытай азаматы, "шекарадан заңсыз өтті" деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару мәселесі бойынша сот отырысы жалғасты.Отырыс барысында прокурор Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеуді және шартты жаза кесуді сұрады.
Sputnik

Сайрагүл Сауытбай соттағы соңғы сөзінде Қытайда адам нанғысыз қиын күндерді басынан кешіргенін айтты. 

Прокурор Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеуді және шартты жаза кесуді сұрады

Сайрагүл Сауытбай 2016 жылы тарихи отанына отбасымен бірге  көшіп келмек болған. Алайда Қытайда Сайрагүлдің төлқұжатын тартып алып, Қазақстанға өтуге мүмкіндік бермеген. 

"Маған "сен коммунистік партиядасың және Қытайда мемлекеттік қызметте болғансың. Артынан отбасыңа барып-келіп тұрасың, оған рұқсат береміз. Өтініш жазып босап кетулеріңе де болады" деп айтты. Мен сол келісім бойынша Қытайда қалдым,  бірақ төлқұжатымды содан кейін берген жоқ", — дейді Сауытбай. 

"Менің заңсыз әрекет жасағаныма Қытай кінәлі"

Сауытбайдың айтуынша, оның заңсыз әрекет жасағанына Қытай кінәлі. 

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты мәлімдеме жасады

"Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Ол өмірді мен неге Қытайда сүруім керек? Өзімнің көзімді жойып жіберуіне неге қарап тұруым керек деген ойға келдім", — дейді Сайрагүл Сауытбек. 

"Келісімге қарсы шықсам, баратын жерім түрме еді"

Балаларын бір көруге зар болып жүргенде Сайрагүлді құпия органда жұмыс істейсің деп апарған. 

"Бұл келісімге қарсы шықсам, баратын жерім түрме еді", — дейді Сайрагүл Сауытбай. 

Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша сот отырысы таңғы 10.00-де басталды. Бір жарым сағатқа жалғасқан сот отырысынан кейін Төраға шешімнің 15.30-да шығатынын айтты.

Қытайда мыңдаған адам үйлерін тастап қашты