Оқиға

Қостанайда Дарья Махартованы өлтірді деген күдікті ұсталды

26 жастағы ұсталған азаматтың кінәсі сараптама қорытындысымен дәлелденеді, деп мәлімдеді құқық қорғау органдары
Sputnik

ҚОСТАНАЙ, 30 шілде — Sputnik. Қостанай облысында 18 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Дарья Махартованы өлтірген адам жайлы ақпарат үшін 500 мың теңге беріледі

Облыстың ішкі істер департаменті хабарламасына сүйенсек, ұсталған күдікті 26 жаста.

"Күдіктінің кінәсі қылмыстық іс бойынша айғақтар жиынымен, оның ішінде тағайындалған сараптамалармен дәлелденеді", — деп хабарлады полиция.

Қазір ер адам қамауға алынған. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Бұдан бұрын Дарья Махартованы өлтірген адам туралы мәлімет үшін 500 мың теңге тағайындалған еді.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында Затобол елді мекенінің18 жастағы тұрғыны Дарья Махартова кешке жүгіруге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Бойжеткеннің мәйіті келесі күні Қостанайдан Затоболға апаратын жолдың шетіндегі ағаш ішінен табылды. 

Бұл факті бойынша екі полицей ұсталды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларына қатысты қылмыстық кодекстің 371-бабы "Салғырттық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.