Экономика

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады

"Қазкоммерцбанк" АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады
Sputnik

АСТАНА. 30 шілде — Sputnik. "БЖЗҚ" АҚ-дан "Қазкоммерцбанк" АҚ ағымдағы/карталық шоттарына зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ мәлімдеді.

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алыпқашпа әңгімеге түсініктеме берді

"БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметі атап өткендей, "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға қосылу арқылы ерікті түрде қайта құрылуына байланысты "Қазкоммерцбанк" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ банк шоттарын біріктіру жұмыстары жүргізілді. 

"БЖЗҚ" АҚ-дан "Қазкоммерцбанк" АҚ ағымдағы/карталық шоттарына зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ", — деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге "Қазкоммерцбанк" АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады.

Толық ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан немесе 88000800059 тегін нөмірі арқылы ала аласыз.