Қоғам

Қазақстанның үш облысы мен екі қаласында дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері бірнеше өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады
Sputnik

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. "Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірнеше аймағында дабылды ескерту жариялады. 

Синоптиктер қай өңірлерде күн салқындайтынын айтты

31 шілдеде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді. 

31 шілдеде Орал қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді.  

31 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. 

31 шілдеде Көкшетау қаласында түнде және таңертең қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, тұман түседі.

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды деп болжануда.