Спорт

Головкиннің промоутері Мэйвезерге қатысты шындықты айтты

Головкиннің промоутері шәкірті Уордпен жекпе-жек өткізуден қашты дегендерге Мэйвезерді мысалға келтіре отырып жауап берді
Sputnik

АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер твиттерде GGG Андре Уордпен жекпе-жектен қашты деп мәлімдеген бокс жанкүйеріне жауап берді, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин "Канелоны" не үшін нокаутқа түсіргісі келмейтінін мойындады

Леффлер кіші Флойд Мэйвезерді мысал ретінде келтірді.

"Флойд Андремен 160 фунтта, ал GGG-мен 154 фунтта жұдырықтасушы едім деген кезде оны жұрт жалтарды деп айыптады. Бірақ Флойд "Канеломен" 152 фунтта жолығып, бокстағы ең үлкен жекпе-жекті өткізді. Қазір GGG "Канеломен"160 фунтта бокстағы ең үлкен жекпе-жекті өткізіп жатыр. Сондықтан ондай мәнсіз әңгіме айтудың қажеті жоқ", — деп жазды Леффлер.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.