АСТАНА, 28 шілде — Sputnik. Астанада "ТМД аруы-2018" сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды. ТМД елдеріндегі ең сұлу ару атағын Украинадан келген бойжеткен Татьяна Акуленко иеленді.
Байқау жеңімпазы Арменияда арнайы жасалған, асыл тастармен безендіріліп, алтынмен апталған әсем тәжге ие болды. Сонымен бірге, Татьяна Акуленкоға Еуропаға бір апталық тур сыйлық ретінде ұсынылды.
ТМД – 2018 вице-аруы атағын қазақстандық Әсем Есенгелдиева алды, екінші вице-ару – Армениядан келген Ромелла Тамарян, үшінші вице-ару Ресейдің намысын қорғаған Виктория Волгина атанды.
"ТМД аруы" байқауында қазақ қызы Ресейдің атынан қатысады
Бірінші вице-ару Әсем Есенгелдиева Дубайға бір апталық саяхатты жеңіп алды.
Барлық қатысушыларға әртүрлі номиациялар мен сыйлықтар берілді.