Әлем

Криштиану Роналду екі жыл түрмеге отыруы мүмкін

Испания прокуратурасының мәліметінше, Роналду екі жылға сотталады
Sputnik

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Роналдуға салық төлеуден қашқақтағаны үшін 3,2 миллион еуро айыппұл салу және екі жылға бостандығынан айыру үкімі шығарылады. Бұл туралы РИА Новости Рейтер басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Роналду сегіз жылға сотталуы мүмкін

Бірақ испан заңнамасына сәйкес, португалиялық футболшының түрмеге отыруы екіталай – жаза екі жылдық сынақ мерзімімен алмастырылуы мүмкін.

Айыппұлдан бөлек, футболшы салық органдарына 5,7 миллион еуро өтеуі тиіс. Сонымен бірге, үстеме пайыз бойынша тағы бір миллион еуро, екі жылдық мерзімінің әр күні үшін 250 еуродан төлеуге міндетті.

Бұл іс бойынша жалпы сомасы 19 миллион еуро төлейтін болады.

Былтыр шілде айында сот отырысы кезінде футболшы ешқашан ештеңе жасырмағанын, салық төлеуден қашқақтамағанын айтқан еді.

Жақында Роналду мадридтік "Реалдан" "Ювентусқа" ауысты.