Өңірлер

Ауылға қонаққа барып, жоғалып кеткен бала өлі табылды

Құтқарушылар баланы екі апта бойы іздеген
Sputnik

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Құтқарушылар Алматы облысында 14 шілдеде жоғалып кеткен баланың денесі табылғанын хабарлады.

Полицейлер баланың денесін 27 шілдеде сағат 17:40-та тау ішіндегі Ынтымақ ауылынан сегіз шақырым жерде тапқан.

Кілем жуып жатып суға кеткен әйелдің денесі табылды

1 / 2
Алматы облысында жоғалып кеткен баланы іздеу операциясы
2 / 2
Алматы облысында жоғалып кеткен баланы іздеу операциясы

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2011 жылы туған бала Ынтымақ ауылына Алматыдан қонаққа келеді. 14 шілде күні басқа балалармен бірге жайлауға кетіп, жоғалып кеткен. Осы уақытқа дейін жеткіншекті, құтқарушылар, полицейлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар іздеді. Тікұшақ та іздеуге кірісіп, қырғыз шекарасына дейінгі аумақ түгел барланған.