Оқиға

Қызылордада той кезінде адам өлтірді

Қаза болған жігіт тойдағы адамдардың ешбірімен таныс болмаған
Sputnik

КЫЗЫЛОРДА, 26 шілде — Sputnik. Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында бейтаныс адамды өлтірген 23 жастағы жігітке қатысты үкім шықты. 

Ауылдастары Денис Тенді өлтірді деген Арман Құдайбергенов туралы айтып берді

Қаладағы мейрамханалардың бірінде той өтіп жатқан. Бір кезде екі жас жігіт жанжалдасып қалады.

"Бір-біріне біраз сөздер айтқаннан кейін олар далаға шығады. Бірақ далада ұрыс төбелеске ұласады", — деді соттың баспасөз хатшысы Роза Хизатова. 

Осы маңда жүрген адамдар төбелесіп жатқан жігіттердің жанына келеді. Біреуі оларды ажыратпақ болады. Осы уақытта төбелесіп жатқандардың бірі ашумен оның кеудесіне пышақ сұғып алады. Ер адам тіл тартпай кеткен. 

Ақтауда КВН ойыншысын өлтіріп кетті

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады. 

"Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша айыпты деп танып, 11 жылға соттады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтейді", — деп хабарлады Роза Хизатова. 

Қостанайда бойжеткенді өлтіріп кетті: полицейлер қамауға алынды