Әлем

Жемісті жумай жеген қыздың миынан жүзден астам құрт жұмыртқасы табылды

Қыз баланың басы ауырып, талмасы ұстап қала берген. Дәрігерлер о баста дұрыс диагноз қоя алмаған
Sputnik

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Үндістанда дәрігерлер сегіз жастағы қыздың миынан құрттың 100-ден астам жұмыртқасын тапты, деп хабарлайды РИА Новости The Hindu газетіне сілтеме жасап.

Жарты жыл бойы баланың басы қатты ауырып, эпилепсия талмасы ұстап қала берген.

Дәрігерлер әйелдің көзінен 14 құрт алып шықты

Әуелі дәрігерлер науқасқа "нейроцистицеркоз" диагнозын қойып, стероидтармен емдепті. Сол дәрілердің кесірінен қыздың тыныс алуы қиындап, дене салмағы артып кетеді, тіпті салдарынан төсек тартып қалған.

Амалы құрыған ата-ана қызды басқа дәрігерге алып барады. Компьютерлік томография жасаған кезде, баланың миынан таспа құртының жүзден астам жұмыртқасы табылды. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, паразиттер қантамыры жүйесі арқылы асқазаннан миға жетіпті.

Ісікті қайтару және паразитке қарсы дәрі-дәрмек ішкен соң қыз жазылып, аяққа тұрып кетті.

Мамандардың айтуынша, паразиттер дұрыс жуылмаған жеміс-жидектер мен көкөністер, шала піскен етпен бірге адамның ағзасына оп-оңай еніп кетеді.

Астанада супермаркеттегі торттан құрт табылды