Оқиға

Астанада жүргізуші сот маңында қызды қағып кетті – видео

Қыз қалалық ауруханаға жеткізілді
Sputnik

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. қалалық сот маңында жүргізуші бір адамды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты кеше түскі сағат 15:23 шамасында Сауран көшесінде болған. Полицейлер анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

"Опель" көлігінің жүргізушісі Ұлы дала көшесі жақтан Сауран көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Жол апаты салдарынан қыз түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді", — делінген хабарламасында.

Аталған фактіге қатысты материалдар жиналды, тиісті сараптамалар белгіленді. Соның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Тағы оқыңыз: Алматыға жақын жерде жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті