Тежегіші істен шыққан жүк көлігі барған сайын жылдамдық ала түседі. Жүргізуші аман қалу үшін, көліктің есігін ашып, секіріп кеткен. Алайда құм тиелген жүк көлігі бір жақ шетке ауып, 27 жастағы жүргізушіні басып қалады. Аударылғанға дейін жүк көлігі үйге соғылған.
Ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.
Оқиға орнына құтқару қызметі келіп жетті. Олар кранның көмегімен жүк көлігін көтеріп, жүргізушінің денесін алып шыққан.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.