Өңірлер

Түркістанға Шымкенттегі мемлекеттік органдар көшіріле бастады

Шымкент қаласындағы 30 аумақтық мемлекеттік органның барлығы келесі айда Түркістан қаласына көшеді
Sputnik

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі — мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті бастады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"7-20-25": Түркістан облысында қанша үй салынып жатыр?

Яғни, Түркістан қаласында бүгін Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды

Салтанатты жиналысты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып, Елбасы жарлығымен облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заманауи құрылғылар арқылы көрсетілетін сапалы қызмет — бюджеттің салық түсімін көбейтуге септігін тигізері анық. Мұнда жалпы 48 түрлі қызмет көрсетілсе, оның 40-ы электронды түрде көрсетіледі. Мамандар "Бір терезе" қағидасы арқылы халыққа жылдам әрі сапалы қызмет етпек. 

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін аталған мекеме арқылы халыққа 1 миллион 48 мың қызмет көрсетілсе, оның 941-і электронды түрде көрсетілген.

Еске сала кетейік, жалпы Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласында орналасқан 30 аумақтық мемлекеттік орган бар болса, келесі айдың ішінде олардың барлығы осында Түркістан қаласына көшпек. Ал әкімдікке қарасты облыстық 24 басқарма да келесі айда толығымен көшіп, жаңа облыс орталығында өз жұмыстарын бастамақ.