Қоғам

Бас сәулетші Шымкентті тұрғындар үшін қалай жайлы ету керектігін айтты

Кузнецовтың айтуынша, қала құрылысы кезінде кеңестік нормативтерден бас тартқан жөн
Sputnik

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Мәскеудің бас сәулетшісі Сергей Кузнецов Қазақстанның жаңа мегаполисі тұрғындар үшін қалай қолайлы және жайлы ету керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik

Кузнецов қала құрылысы кезінде кеңестік заманнан қалған нормативтерден бас тарту керектігін алға тартты. 

"Бұл посткеңестік кеңістіктегі кез келген жаңа құрылысқа қатысты: кеңестік қала құрылысы нормативтерінде кеңістіктің жайлылығы мен адамға қолайлығы ешқашан назарға алынған емес. Мұны мойындау керек, қорқынышты түс сияқты ұмытып, жаңа нормативтер жасау керек. Біз қазіргі таңда мұнымен белсенді айналысып жатырмыз", — деді ол.

Шымкент қаласының мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойылды

Сәулетші жаңа нормативтер бойынша салынатын құрылыста адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылығы ескерілгенін атап өтті. Тұрғындар үшін шағын әрі ыңғайлы аулалар салынады. Адамдар өздерін көшеде де, аулада да қауіпсіз әрі жайлы сезінеді.

Шымкент қаласының ескі суреттері

"Мен бұл тәжірибеге назар аударуға кеңес берер едім. Кеңестік қала құрылысын қайталап керегі жоқ. Кеңес заманында жер ресурсына ұқыпсыз қарап, бос аумақтарды қаптатып, "алып" шағын аудандарды салып тастады. Бұл маңызды мәселе. Қала шағын болуы керек, бұл дұрыс әрі ыңғайлы. Жер ресурсы ешқашан таусылмайтын дүние емес. Оның үстіне мен Қазақстанда жерді қатты қадірлейтінін білемін. Сондықтан аумақты рационалды пайдаланған жөн. Бұл тұста біз Мәскеудің тәжірибесімен бөлісуге дайынбыз, менің ойымша, ол жетекші әрі оң тәжірибелердің бірі", — деді Кузнецов.