Әлем

Өлім аузында жатқан бала бірнеше адамның өмірін құтқарып қалды

Қайғылы оқиғаның алдында Уильям донорлық туралы бағдарлама көріп, анасына донор болғысы келетінін айтқан
Sputnik

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Англияның Линкольн қаласында алты жасар тұрғын өлерінің алдында органдарын мұқтаж жандарға беріп, бірнеше адамның өмірін құтқарды, деп хабарлайды The Mirror басылымы.

Трансплантолог Абылай Донбай: бәріміз де донор бола аламыз

6 жасар Уильям Кой үйінің терезесінен құлап, ауыр жарақат алған. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер екі күн бойы оның өмірі үшін күресті. 

"Трагедия болардан аз уақыт бұрын ол донорлық туралы бағдарлама көріп, анасына донор болғысы келетінін айтқан. Уильям әрқашан сезімтал және мейірімді бала болатын, басқа отбасыларға бақыт сыйлағанын білгенде қуанар еді", — дейді отбасының достары. 

Бүлдіршіннің туысқандарының достары отбасына қолдау көрсету үшін ақша жинай бастады. Қазіргі таңда төрт мың фунт стерлингтен астам қаражат (1,8 миллион теңгеден аса) жиналған.