Қоғам

Қоғамдық кеңес мүшелері халықты қаруландыруды ұсынды

Қоғам белсенділерінің пікірінше, халықты қаруландыру керек, өйткені полиция азаматтарды қорғауға қауқарсыз
Sputnik

АЛМАТЫ, 23 шілде — Sputnik. Алматыда Қоғамдық кеңес мүшелері полиция жұмысының кемшіліктерін талқылай отырып, қазақстандықтарға қылмыскерлерден қорғану үшін қысқа оқпанды қару ұстауға рұқсат етуді ұсынды.

Халық министрдің отставкаға кетуін талап етуде: Қасымов неге сеніп отыр?

"ІІМ қауіпсіздігімізді қаматамыз ете алмайтын болса, лицензия-рұқсат беру жүйесін реттеп, азаматтарға қысқа оқпанды қару сатып алуға және ұстауға рұқсат беретін заң қабылдауды қолдаймын. Ең болмаса, травматикалық қару қайтарылсын. Мысалы, бірнеше жыл бұрын бізден травматикалық қаруды алып қойды. Статистикаға қараңыздаршы. Қылмыскерлер атыс шығаруды тоқтатқан жоқ. Ал жәбірленушілердің бірінде травматикалық қару болғанда қайтер еді? Бізді, заңға бағынатын азаматтарды өз-өзін, мүлкі мен жақындарын қорғаудың заңды тәсілінен неге айырады?" — деді Қоғамдық кеңес мүшесі Ерлан Смайлов.

Депутат мажилиса Ерлан Смайлов

"Полиция бізді қорғай алмайтын болса, адамдарды қаруландыру идеясын толыққанды қолдаймын. Халыққа травматикалық қаруды қайтарайық. Иір ойықты мылтық немесе револьвер болмаса да, травматикалық қаруды қайтарсын. Полицияда рефорам жүргізіліп біткенше, пайдалануға берсін", — деді танымал журналист әрі қоғам қайраткері Сергей Пономарев.

Денис Теннің өлімі: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы

Бұдан бөлек, оның айтуынша, полиция жұмысын реформалауды нақты істен бастау керек әрі құқық қорғаушылар ғимаратты қоршаған дуалды алып тастап, халықпен жақындаса түсуі керек.

"Екі жыл бұрын Күлекбаев (2016 жылы Алматыда теракт жасағаны үшін өмір бойына сотталған Руслан Күлекбаев — Sputnik) бүкіл Алматыны тізе бүктірді. Әлі еңсемізді көтерген жоқпыз. Қорғаушыларымыз бізден тасаланып алған. Енді АІІБ мен ІІД есіктерін айқара ашу керек. Шұғыл арада. Адамдар келіп, екі сағат кезекте отырады да: "Әй, құрысыншы сол!", — деп қолды бір сілтейді. Міне, сол себепті тіркелген қылмыстың саны 30%-ға қысқарады. Ал ақырына дейін отырып, арыз бергендер ұзақ күтеді. 10%-ы ғана бір нәтижеге қол жеткізеді", — дейді Пономарев.

Бүгін Қоғамдық кеңесінің қалалық полиция жұмысындағы проблемалар тақырыбында өткен отырысының қорытындысы бойынша, оның мүшелері Алматы ішкі істер департаменті басшысы Серік Күдебаев пен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босату мәселесін ел басшылығы алдына қоюға бірауыздан шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы орталығында танымал мәнерлеп сырғанаушы кісі қолынан қаза тапқаннан кейін, өзін-өзі қорғау мәселесі Қазақстанда қызу талқылана бастады. 25 жастағы спортшыны көлік ұрылары пышақтап кеткен.

Денис Теннің қазасы