АЛМАТЫ, 23 шілде — Sputnik. Алматыда жол апатынан екі адам зардап шекті, бірі – бала, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry 30 Талғар тас жолымен батыс бағытта кетіп бара жатқан.
Бағдаршамға жете бергенде, неге екені белгісіз, жүргізуші әйел рөлге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кетеді. Салдарынан көлік аударылып, үш ағашты бір-ақ құлатқан.
Талғар тас жолында көлік аударылды
© Sputnik
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 2006 жылы туған бала зардап шекті. Әртүрлі жарақат алған екеуі ауруханаға жеткізілді.