Өңірлер

Оралда 31 жастағы әйел батыр ана атанды

Жуырда Азамат Ырысбеков пен Әйгерім Ушанованың отбасында жетінші сәби дүниеге келді
Sputnik

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. Оралда жеті баланы өмірге әкелген 31 жастағы Әйгерім Ушанова батыр ана атанды, деп хабарлайды "Мой город" порталы. 

Отағасы Азамат Ырысбеков БҚО ішкі істер департаментінде инспектор болып жұмыс істейді. Жары Әйгерім Ушанова – үй шаруасындағы әйел. 

Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

Жуырда ерлі-зайыптылар кішкентайлы болды. Қыздың есімін Медина деп қойған. 

"Біз 2006 жылы отау құрдық. 2008 жылы тұңғышымыз Ясмина дүниеге келді. Бір жылдан кейін Тоғжан туды. Аараға екі жыл салып Иса, кейін 2012 жылы Жібекжан өмірге келді. 2013 жылы Мирас, 2015 жылы Диас туды. Әйелім мен балаларымды қатты жақсы көремін", — дейді 34 жастағы Азамат Ырысбеков. 

Ерлі-зайыптылардың төрт баласы мектепте оқиды, ал екеуі балабақшаға барады. 

Перинаталды орталық дәрігерлерінің айтуынша, Әйгерім жетінші сәбиін кесарь тілігімен туған. Қыз 4 келі салмақпен дүниеге келіпті. 

Көпбалалы отбасы Зачаганск ауылында жалдамалы пәтерде тұрады екен. Ерлі-зайыпты күндердің бір күнінде бұл баспана өздерінікі болады деген үмітте.

Төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейтіні рас па?