Қоғам

Мүфтият: ислам қаныпезер қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды

Ислам діні қарақшылықпен айналысып, адам қанын төгуді айыптайды және бірде-бір адамды жазықсыз өлтіруге жол бермейді
Sputnik

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Денис Теннің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, болған оқиғаға сабыр тіледі. 

Денис Теннің өлімі: Күдікті сотта не айтты?

Бұл оқиға – қанышерлік іс әрі жабайылықтың, қарақшылықтың көрінісі. Ислам діні – қарақшылықпен айналысып адам қанын төгуді айыптайды және бірде-бір адамды жазықсыз өлтіруге жол бермейді. Тіпті, сол арқылы күллі адамзатты құтқару қажет болса да. Сондықтан да, бір адамның қанын төгу барша адамзатты өлтіргенмен тең. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде қан төгушілікті айыптай отырып:

"Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды нақақтан-нақақ өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтіргендей болады", – дейді.

Сонымен қатар, имам Мүслім, Насаи және Тирмизи секілді ғалымдардың хадистер жинағында келгендей Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

"Алла үшін бір адамды өлімге бұйыруға қарағанда бүкіл әлемді жоқ ету әлде қайда жеңіл", – дейді.

Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?

Яғни, Алланың құзырында әрбір адам баласының қадір-қасиеті бар. Міне, Жаратушының алдында қадірі бар адамның қанын төккені үшін қылмыскерлер заң бойынша қатаң түрде жазалануы қажет. Алла Тағала Құранда:

"Қарақшылықпен айналысып жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасағандарға берілетін жаза –…олардың дүниеде көретіні қорлық. Ал, ақыретте олар үшін жан төзгісіз азап бар", – деген.

Аяттың мағынасына үңілер болсақ, Алла Тағаланың Өзі құрметке бөлеген адам баласының жазықсыз өлімі үшін дүниеде қорлыққа ұшыратып, ақыретте қатаң жаза беретіндігі ескертілуде. Себебі, мұндай сорақы қылмыс тек қана қатыгез қылмыскердің ғана ісі.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Жұма күні таңертең спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясов ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады. Жамбыл облысының тумасы бұған дейін де сотты болған. Ал екінші күдікті – 23 жастағы Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов сол күні кешке ұсталды.