АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Ингушетияда өткен "Таудағы айқас-7" M-1 Challenge 95 турниріндегі жеңісін Денис Тенге арнады.
Бірінші раундта Украинадан келген Зака Фатуллазадені техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін, Сергей Морозов микрофонды қолына алды. Бірақ турнир регламентінде бұл қарастырылмаған, деп жазады gazetaingush.ru.
"Бұл жеңісімді қаза тапқан Денис Тен мен барша Қазақстанға арнаймын", — деді ол.
Спортшы Ингушетияның көрермендеріне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Денис Теннің өлімі: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді
Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.
Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды.
Жұма күні таңертең спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясов ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады. Жамбыл облысының тумасы бұған дейін де сотты болған. Ал екінші күдікті – 23 жастағы Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов сол күні кешке ұсталды.
Арман Құдайбергенов қылмыс жасайтын күні Астанада сотқа келуі тиіс болған