Оқиға

Ер адам өгей қызын зорлаған: жасөспірімнің анасы кешірім берді

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік қылмыс жасалды
Sputnik

ӨСКЕМЕН, 20 шілде — Sputnik. Өгей қызын зорлаған ер адам жасөспірімнің анасының кешірім бергеніне қарамастан 15 жылға сотталды. Үкім Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды, деп хабарлайды Sputnik Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап.

Такси жүргізуші көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлады

Сотта анықталғандай, азғын кәмелеттік жасқа толмаған қыздың анасымен сегіз жыл отасқан. Әрі зорланған қыздан бөлек, ерлі-зайыптылардың ортақ екі баласы бар екен.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, қылмыс 3 наурызда ер адамның туған күнінде жасалған. Ол әйелімен қонаққа барып, ішімдік ішеді. Әйелі үйде қалған балалары телефонды көтермей уайымдай бастағанда, күйеуі тексеріп келуге кетеді. Сәлден соң жылаудан көзі ісіп кеткен өгей қызымен бірге оралған. Анасының сұрағына, қыз "әкем" зорлады деп жауап беріпті.

Өгей баласын пышақтап өлтірген әйелге үкім шықты

Көкшетауда оқушы қызды зорлап кетті

Тергеу басталған соң бір айдан кейін зорланған қыздың анасы күйеуім отбасының асыраушысы деп органдардан арызын қайтып алуға тырысады.

Шын мәнісінде, ер адам көлденең келген табысқа күн көріп, жүк көлігін айдайтын көрінеді, ал әйелі ауыл дүкенінде сатушы болып істейді.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындамады. Бірақ сот оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алматы облысында өгей қызын тістеп тастаған ер адамға қанша жыл берілді?