Алматыда полицияның арнайы жасағы 24 жастағы күдікті Нұралы Қиясовты кеше күндіз мәнерлеп сырғанаушыға шабуыл жасалған жерге алып келді.
Күдікті бір қолымен бет бейнесін камерадан жасырып, екінші қолымен спортшыға шабуыл қалай жасалғанын көрсетті.
Болжам бойынша, Қиясов пен оның сыбайласы Денис Теннің көлігінің айнасын шешіп алған. Спортшы олардың үстінен түсіп, тонаушыларға кедергі жасамақ болады. Жанжал салдарынан мәнерлеп сырғанаушы жамбасынан пышақ жарақатын алыпты. Ол көп қан жоғалтып ауруханаға жатқызылды. Екі сағат өткен соң Тен көз жұмды.
Қазір полиция екінші күдіктіні іздеп жатыр.
Денис Тен 25 жаста еді. Ол Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан олимпиада медаліне қол жеткізген жалғыз спортшы.