Оқиға

Дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмады?

Спортшының биологиялық өлімі ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң, 17:30-да тіркелді
Sputnik

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаушы медициналық мекемеге түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Денис Тен ауруханада көз жұмды

 "Денис Тен ауруханаға сағат 15:23-те клиникалық өлім жағдайында түсті. Өкінішке қарай, оны ажалдан арашалай алмадық. 17:30-да биологиялық өлім тіркелді. Ірі қан тамырлары өтетін жерден жараланған" – деп мәлімдеді Орталық қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ержан Құттығожин. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистерге мәлімдегендей, Алматыда көшеде пышақ жарақатын алған ер адамның жатқаны туралы хабар 14:56-да түскен. 

"Дәрігерлер жолда барлық медициналық көмекті көрсетті. Оған бірден жансақтау бөлімінде операция жасады. Екі сағат бойы өмірі үшін күресті. Бірақ, өкінішке қарай, 17:30-да өлімі тіркелді, өлім себебі – пышақ жарақаты салдарынан көп қан жоғалту", — деді министр. 

Денис Тенді өлтіріп кеткен жерден фото 

Өлімнің қалған мән-жайы патологоанатомиялық сараптамадан кейін белгілі болады, деп түйіндеді Біртанов. 

Бүгін күндіз Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалды. Автокөлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді тоқтатпақ болған спортшы пышақ жарақатын алған еді. Спортшы ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін Денис Тен ауруханада көз жұмды.

Денис Тенге шабуыл жасаған кім?

Денис Теннің әлеуметтік желідегі жазбасы