Оқиға

Денис Тен ауруханада көз жұмды

Бейсенбі 19 шілде күні Денис Тенді көлік тонаушылар пышақтап кеткен
Sputnik

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

"Иә, көз жұмды. Уақытын білмейіз", — деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Денис Теннің жарақат алғаны туралы хабарлама бүгін сағат 14.56-да жедел жәрдемге түскен. Ол орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бастапқы диагнозы – оң жамбастың үстіңгі бөлігінен пышақ жарақатын алған, тамырларына зақым келген, қан жоғалтқан.

Денис Тенді кім пышақтағаны белгілі болды

Денис Тенді кім пышақтады

Кейінірек Алматы ІІД баспасөз қызметі мәлімет бергендей, мәнерлеп сырғанаушының көлік тонаушылар пышақтап кеткен. Денис Тен автокөлігінің айнасын ұрламақшы болған екі белгісіз адамның үстінен түсіпті. Төбелес шығып, салдарынан жас спортшы пышақ жарақатын алған екен.

Аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары қолға алынды. Алматы қаласы ІІД барлық жеке құрамы жұмылдырылған. 

 — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ол 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын.