Оқиға

Денис Тенге шабуыл жасалған жерден фото жарияланды

Алматыда Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Денис Теннің ақ түсті Lexus көлігі Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында спортшыға шабуыл жасалған жерде тұр.

Екі қаскөй белгілі спортшының көлігінің айнасын ұрлап алмақшы болады, бірақ көліктің иесі келіп қалған. Төбелес шығып, салдарынан жас спортшы пышақ жарақатын алады. Пышақтың жүзі Денис Теннің жамбас күретамырына тиген. 

 

1 / 4
Денис Теннің көлігі. Трагедия орнынан фото
2 / 4
Денис Тенге екі ер адам шабуыл жасаған. Оқиға орнынан фото
3 / 4
Денис Тенді өлтіріп кеткен жерде тұрған полиция көлігі
4 / 4
Денис Теннің көлігі. Трагедия орнынан фото

Спортшы үш литрге жуық қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ 25 жастағы Тен жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

Полицейлердің айтуынша, қылмыстық іс әуелгі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және 192-бап "Қарақшылық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 99-бабына ("Адам өлтіру") ауыстырылды. 

Денис Тенді кім пышақтап кетті?

Денис Теннің әлеуметтік желіде соңғы жариялаған жазбасы