Оқиға

Алматыда жол үстінде көлік жарылып кетті

Жүргізуші аман қалған, көліктің түгі қалмай жанып кетті
Sputnik

АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Алматыда Бөкейханов көшесінде жеңіл көліктің түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиға куәгерлері мен жүргізушінің айтуынша, Hyundai Sonata Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Рысқұлов көшесінен өте бергенде, газ балон құрылғысы орнатылған көліктен ақау шығады. 

Жүргізуші көлікті тексеру үшін тоқтап, капотты ашқанда, жарылыс болған.

1 / 2
Алматыда жол үстінде көлік жарылып кетті
2 / 2
Алматыда жол үстінде көлік жарылып кетті

Көліктің түгі қалмай жанып кетті. Өртену аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші көліктен әрі секіріп үлгерген.

Жарылыстың бастапқы себебі — жанармай жүйесінің істен шығуы.