Видео

Қытайды топан су басып жатыр – жантүршігерлік кадрлар

Қытайдың Чунцин қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 100 мыңнан астам жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды
Sputnik

240-тан астам өзен арнасынан асып, бөгеттер жұмысы шұғыл режимге енгізілді. Табиғаттың алапат күші ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиянын тигізіп, жолдарды шайып кетті, әуе рейстері кейінге қалдырылған.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Янцзы өзенінде су деңгейі 5,92 метрге көтеріліпті. Бұл — өңірдегі 2012 жылдан бергі ең ірі су басу.

Толассыз жауған нөсерге "Мария" тайфуны себеп болған, табиғи апат салдарынан Қытайдың Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында 580 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Қытайда жойқын жарылыс болды

Қытайда зәулім ғимарат жермен-жексен болды