Өңірлер

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

19-21 шілде аралығына арналған ауа-райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Дауыл, бұршақ, найзағай: 7 облыста дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның көптеген облысы Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік аймақтарынан таралған тау сілемдері антициклонының әсерінде болады.

Сондықтан ауа температурасы да орташа көпжылдық және одан шамалы жоғары мәнге жақын сақталады. Жоғары атмосфералық қысымға байланысты кейбір аймақтарда температураның төмендеуінсіз тек найзағайлы өткінші жаңбыр болуы мүмкін.

Ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-батыс облыстарына Иран аймағынан ыстық ауа ығысуын жалғастырады. Мұнда ауа температурасы 38…42, шөлді аймақтарда 45 градусқа дейін жоғарылайды.