Әлем

Некесіз бала туған жас әйел туыстарының қолынан ажал құшты

Қызды өлтірді деген күдікпен анасы мен ағасы ұсталған
Sputnik

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Қырғызстанда некесіз бала туған жас әйелді өз отбасы мүшелері өлтірді.

Күйеу жігіттің қолынан ажал құшқан қалыңдық туралы фильм түсірілді

Қыздың денесі Ноокат ауданындағы өзеннің жағасынан табылған, полиция он күн бойы оның кім екенін және қалай қаза болғанын анықтады. Ақыры соңында анықталғандай, ол 22 жастағы жергілікті тұрғын екен, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бастапқы деректер бойынша, жас әйелді 47 жастағы анасы мен 24 жастағы ағасы өлтірген. Қыз некесіз бала туып, отбасының абыройын айран еткені үшін туыстары кешірмепті.

Turmush агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жас әйел сәбиін басқа адамдарға асырауға берген екен. Анасы мен ағасы жанжал кезінде оны өлтіріп, мәйітін су қоймасына тастаған.