КӨКШЕТАУ, 18 шілде – Sputnik. Көкшетау теміржол станциясы басшысы мердігерлерден пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.
Ақмола облысы жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ жүк тасымалы жолдарының Ақмола бөлімі Көкшетау теміржол станциясының басшысы Молдақовтың пара алғанын әшкереледі.
Басшы теміржол жөндеуші ЖШС-терінің біріне қолдау көрсеткені үшін 600 мың теңге ақшалай сыйақы алған.
Сотқа дейінгі тергеулер жалғасып жатыр, деп мәлімет берді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Шымкентте 30 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды