Өңірлер

Қаскелеңде алматылық алып тиіннің сыңары пайда болды

Студенттер алматылық тиіннің егізін жасап шығарған, алайда түп нұсқамен салыстырғанда бұл тиін су тегін болып шықты
Sputnik

АЛМАТЫ, 18 шілде — Sputnik. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері алматылық алып тиіннің көшірмесін жасап шығарды. Мүсін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы агросаябаққа қойылған.

Қаскелең Алматы қаласының шекарасынан 10 шақырым жерде орналасқан. Мүсінді сәрсенбі 18 шілдеде өтетін Егістік күніне орай жасапты.

"ҚазҰАУ" студенттерінің бастамасына Қазақ егіншілік институты қолдау білдірді. Материал жетіспеушілігі болған жоқ – тәжірибе егістіктерінде тазалық жұмыстары жүріп жатыр", — деп мәлімет берді ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Қаскелеңдік тиінді жасауға бірде-бір теңге жұмсалмады.

Түпнұсқа тиіннің құны – 23 миллион теңге, 15 миллионы қалалық бюджеттен төленген.

Алматыда жамбас ізі салынған жаңа мүсін пайда болды

Алматылық алып тиін сатылымға шығарылды