Спорт

Хорватия халқы футболшыларын қалай қарсы алды?

Хорватия құрамасы отанына оралды. Загребте футболшыларды әлем чемпионатының жеңімпаздарындай қарсы алған. Мыңдаған адам қошемет көрсетіп, "Хорватия – чемпион!" деп ұран тастады
Sputnik

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Загребте Хорватия ұлттық құрамасын 500 мыңнан астам адам қарсы алып, қаһармандарына қошемет көрсету үшін қала орталығына жиналды.

Футболшылардың ұшақтан түскен кезі

Әуежайдан спортшыларды құттықтау салтанаты өтетін алаңға дейін жету үшін бірнеше сағат кеткен. Жүрекжарды лебіздерімен қарсы алған фанаттар арасындағы дәлізбен өту оңай болған жоқ, жанкүйерлердің бәрі футболшыларға қарай ұмтылды.

Жанкүйерлердің Хорватия құрамасын қарсы алу сәті

Автобустың төбесіне шығып алған Хорватия құрамасы футболшылары жол бойы ту желбіретіп, жиналған жұртқа қол соқты.

Хорватия құрамасының капитаны - Лука Модрич

Хорватия құрамасының мүшелері сахнаға шығып, чемпионат барысында белсенді қолдау көрсеткен отандастарына алғысын білдіріп, халықпен бірге әнұран орындады. Кеш соңында команданың үздік ойыны құрметіне от шашу болды.

Хорватия-Франция матчының есебін дәл тапқан Алматы тұрғыны қанша ұтты?

Әлем чемпионаты финалындағы үздік сәттер видеосы

Англия құрамасы Хорватияға қарсы қандай қулық жасамақ болды?