АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Астананың денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Гүлназ Досмырзаева екінші перинаталдық орталықта көз жұмған әйелдің жаңа туған қызының хәлі туралы айтты.
Соңғы ай ішінде Астанада осымен төртінші жайт болып отыр. 34 жастағы екі баланың анасы перзентханаға 15 шілдеде түскен. Келесі күні әйел адамды толғақ қысқан.
"Босанғаннан кейін әйелдің жағдайы күрт төмендеп кеткен. Әйелдің өмірін сақтап қалу үшін қалалық және республикалық емханалардың білікті мамандарымен бірлесе ат салысқанымен, оны құтқарып қала алмады", — деп хабарлайды Досмырзаева.
Әйел адам перинаталдық орталықта мекенжайы бойынша есепте тұрған. Жаңа туған қыздың денсаулығы жақсы, қазір перинаталдық орталықта.
Төртінші жас босанған әйелдің өліміне байланысты елордалық перзентханада арнайы комиссия құрылып, себебін анықтайды. Астананың екінші перзентханасындағы қайғылы оқиға жайында 16 шілдеде белгілі болды.
Астанада жас босанған әйелдер көз жұмған перзентхана қайта жұмысқа кірісті