ПЕТРОПАВЛ, 16 шілде — Sputnik. Петропавлда аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен жүргізушіні жазалау мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.
Жол-көлік оқиғасы сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Жеңіл көлік 15 шілдеде адамдар тұрған аялдамаға соғылды. Деректер бойынша, алты адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға түскен, кейбірі жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің үшеуі балалар.
"Toyota Crown жүргізушісі Қизатов көшесімен Омбы шеңберіне қарай бара жатып, рөлге ие бола алмай, "Лада" көлігіне соғылады, одан кейін "Поворотное" аялдамасында тұрған адамдарды қаққан", — деп хабарлайды полиция.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.